Негізгі Жаңалықтар АҚСАҚАЛДАР ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ТАТУЛЫҒЫН НАСИХАТТАДЫ

АҚСАҚАЛДАР ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ТАТУЛЫҒЫН НАСИХАТТАДЫ

Отырар ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің көшпелі отырысы өтті. Кездесуде «Татулық пен келісім – халық даналығының мәңгілік аманаты», «Ел қауіпсіздігі – тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыптары сөз болды.

Ардагерлер елдің ынтымағы мен бірлігін сақтау мақсатындағы өз ойларымен бөлісіп, ашық диалог орнатты. Аға буын жас буынға бағыт-бағдар көрсетіп, жөн сілтеді. Үлгі-өнеге болар ғибратты әңгімерін айтты. Басты мақсат қоғам қауіпсіздігін нығайтып, келеңсіз жағдаяттар мен арандатушылықтың алдын алу. Жас буынға салауатты өмір салтын насихаттап, ел бірлігін бекемдеу болды.

Бөлісу