Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің көшпелі отырыстары жалғасын табуда. Бұл жолы шара Кентау қаласында ұйымдастырылды. Маңызды жиында қоғамдағы татулық пен әлеуметтік келісім мәселелері кеңінен қарастырылып, жергілікті тұрғындардың пікірі тыңдалды.


 Кездесудің негізгі тақырыбы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Біртұтас ұлт» және «Берекелі қоғам» ұғымдарының стратегиялық маңызы болды. Басқосуға қатысқан тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, кеңес мүшелерінен нақты жауаптар алды. Ашық диалог барысында қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.