2025 жылдың қаңтарынан бастап eGov порталы қазақстандықтардың мүлік пен жер телімдері туралы деректерін Мемлекеттік кірістер комитетіне онлайн режимде жолдап отырады. Бұл туралы жаңа бұйрықта көзделген.
Құжатқа сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы барлық мәліметті күн сайын жаңартып, салық органдарына автоматты түрде беріп отыруы тиіс. Жүйе арқылы салық қызметі азаматтардың атына тіркелген барлық нысанды анықтап, тиісті баж мөлшерін есептейді. Сондай - ақ, 10 қарашадан бастап кредиттік бюролар микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктер алдындағы берешегі бар азаматтар туралы мәліметті де мемлекеттік кірістер комитетіне беруді бастайды. Жыл соңына дейін борышкерлердің бірыңғай тізімі жасалып, онда әр адамның несие сомасы мен қарыз қалдығы көрсетіледі.