Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Күн тәртібінде индустриалды аймақтарда заң тәртібінің сақталуы, мемлекеттік бағдарламалардың 2025 жылдың 10 айында орындалу нәтижесі, сапасыз нысандардың пайдалануға берілмеуін қадағалау шаралары, сонымен қатар, «Alaqan mektep» және «E-Ashana» жүйелерін қолданудың аралық нәтижелері қаралды.


 Қала аумағында жалпы ауданы 1 276 га болатын 7 индустриалды аймақ бар, ондағы 312 мекемеде 8 мыңнан астам жұмыс істеп жүр. Мониторинг барысында қала экологиясына теріс әсер ететін және тұрғындар жиі шағымданатын кәсіпорындар анықталды. Экология департаментімен бірге осы кәсіпорындардың жұмысын экологиялық талаптарға сай келтіру мақсатында тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде олқылықтарды жоюға ұйғарымдар беріліп, айыппұлдар кесілді. Жалпы, жыл басынан бері Экология департаменті тарапынан 29 ұйғарым беріліп, кесілген айыппұл көлемі 37,6 млн теңгені құрап отыр. Құрылыс басқармасы тарапынан 110 нысанның құрылысы жоспарланғанын мәлімдеді. Соның ішінде 65 нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланса, қалған 45 нысан – келесі жылға өтпелі. Биыл басқарма тарапынан мердігер мекемелерге, техникалық және авторлық қадағалау ұйымдарына келісімдердің шарттарын орындамағандары үшін 12,5 млн теңге айыппұл кесілді. Сонымен қатар, құрылыс ережесін бұған бірқатар мердігер мекемеге шара қолданылған.