6506 әскери бөлімінің базасында өңірлік қолбасшылардың тыл жөніндегі орынбасарлары мен көмекшілері, сондай-ақ қаржы басқармаларының бастықтары арасында үш күндік практикалық дайындық өтті. Мұндағы мақсат- офицерлердің кәсіби деңгейін арттыру және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Жұмыс бағдарламасы барысында қатысушылар 2026–2027 жылдарға арналған тылдық және қаржылық қамтамасыз етуді дамыту перспективаларымен танысты. Сонымен қатар нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелері талқыланды. Одан әрі қатысушылар республикалық бюджетті қалыптастыру тәртібімен, бухгалтерлік есепті ұйымдастырумен, қызметтік-жауынгерлік әрекеттерді қаржыландыру ерекшеліктерімен, әскери инфрақұрылым нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстарын бақылау мәселелерімен танысты. Мұндай іс-шаралар тылдық және қаржылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдірудегі маңызды элемент болып табылады, жеке құрамның кәсіби өсуіне және әскердің жауынгерлік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.