Шымкент қаласының Алтынтөбе тұрғын алабын (2-кезек) мемлекет тарапынан сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету жобасы қарқынды жүргізілуде. Ауқымды коммуналдық-энергетикалық жобаның екінші кезеңін тапсыру 2026 жылдың І тоқсанына жоспарланған.


Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары әкімдік бекіткен кестеге сәйкес атқарылып жатыр. Жауапты мамандар газ құбырларын тартып, қосылу нүктелерін орнатуда. Барлық инженерлік инфрақұрылым жұмыстары техникалық талаптарға сай кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бұл жоба қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, тұрмыстық қолайлы жағдай жасауға және экологиялық таза отынды пайдалануға мүмкіндік беруге бағытталған. Жоба іске қосылған соң 124 үй (мыңға жуық тұрғын) сапалы табиғи газбен қамтылатын болады. Коммуналдық игіліктерді қосу жұмыстары Шымкент қаласы әкімдігінің Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тұрақты бақылауында. Негізгі мақсат – қала тұрғындарын сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, қолайлы тұрмыс жағдайын қалыптастыру.