Түлкібас ауданында атыс болып, бір адам қаза тапты, үшеуі жараланды. Полиция күдіктілердің бірін ұстаған. Аталған қылмысқа қатысты тергеу жүріп жатыр.
Оқиға 2 қарашаға қараған түні Түлкібас ауданында болған. Қылмыс орын алған орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу жеткен. Жедел іс-шаралар барысында күдіктілердің тұлғалары анықталды. Олардың бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген полиция мәлімдемесінде. Қазігі таңда күдіктілерге қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, екінші күдіктіні іздестіруде. Оқиғаның тергелу барысы Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.