Шымкентте 1 қарашадан бастап жылыту маусымы басталды. Алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандар орталықтандырылған жүйеге қосылды. Ал кейбір көпқабатты тұрғынүйлер жылуды әлі де күтіп отыр. Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз брифингінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы баяндады.


Қазіргі таңда үшінші мегаполисте 476 әлеуметтік нысанның 475-і толық көлемде жылумен қамтылған.Бұған қоса, 2154 көпқабатты тұрғын үйдің 2093-іне жылу берілді.Қалған нысандарды орталықтандырылған жүйеге қосу жұмыстары жоспарға сай кезең-кезеңімен атқарылып жатыр.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

Қазіргі таңда әлеуметтік желіде жылыту маусымына байланысты шағым бар.Кез-келген үйдің іргесіне жылуды жеткізіп беру энергетика басқармасының міндеті.Ал сол жылудың ары қарай дұрыс айналымға түсуі, батареялардың қалыпты әрі стандартқа сай болуы сол үй иелерінің кооперативі екенін ескерткіміз келеді.


Шаһардағы жылу желілері мен ішкі жүйелерде туындайтын техникалық ақаулардың алдын-алу мақсатында Қуат жылу орталығында тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді.Байланыс желісі тұрғындардың шағымдарын жедел қабылдап, апатты жағдайда шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді.Қала әкімі білім беру мекемелеріндегі жылыту жүйесінде туындаған мәселелерге де тоқталып өтті.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

Кейбір мектептерде судың айналымы мәселесіне байланысты сұрақ туындады.Бастапқы жылу берілген кезде айналымды суық су болды. Бүгінгі таңда барлығы ретке келтірілді.


Нормативтік актіге сәйкес, даладаға ауа температурасы 8 градустан төмен жағдайда жылу беру жұмыстары басталады. Ал әкімдік 2025 жылдың 6 қарашасына дейін шаһардағы барлық көпқабатты тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды толық түрде жылумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.