Экстремизм және терроризм – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және деструктивті көріністердің алдын алу мақсатында Жастар ресурстық орталығында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында тақырыптық кездесу өтті. Жиында теолог мамандар теріс діни ағымдардың кесірін түсіндіріп, діни иммунитетті қалыптастыру жайында ақпараттық насихат жұмысын жүргізді.


Жастармен кездесуде теолог мамандар діни экстремизм түсінігі және оның белгілерін, жастарды деструктивті ұйымдарға тартудың нысандары мен әдістерін және экстремистік әрекеттерге қатысудың құқықтық салдары жайында айтты.


ДОСАЙ КЕНЖЕТАЕВ, ПРОФЕССОР, ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

Жаңа діни ағымдар бар қазір. Ол деген еуропалық христиан кеңістігіндегі ағымдар, одан кейін шығыстағы өмір құндылықтарының жарысы, саудасы. Ең бірінші біздің жастарымызға бағытталған. Мақсатымыз – жастарды сондай қауіптен алдын алу, сақтандыру. Біз жастарға қаржы, экономикалық, психологиялық мәселелерді айтып жатырмыз. Түпкі мәнінде қарасаңыз, мемлекетті құрап тұрған мәдениеттің ыдырауына апаратын мәселелер ғой. Ұлттық мәселелер шын мәнінде.


Діни экстремизмнің салдары өте ауыр. Ең алдымен, ол қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Тәртіпсіздіктер, террористік актілер мен алауыздық қоғамда үрей мен сенімсіздік тудырады. Мамандар қазіргі таңда жастардың тәрбиесіне әлеуметтік желінің де қатысы бар екенін айтады.


ҚҰРМЕТ КЕРІМБЕКОВ, «ЖАЛЫН» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Біздің негізгі жұмысымыз – профилактика. Қазіргі жастардың діни көзқарасы әлеуметтік желіден алынады. Әлеуметтік желіде әр түрлі топтар бар. Жас болған соң өсіп келе жатқан ұрпақ қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін анықтай бермейді. Олар кейде дәстүрлі оқу орнын тастап медресеге кетіп жатқандар бар. Бүгінгі семинарда теологиялық рұқсат етілген оқу орындары бар. Мысалы, қандай медреседе оқуға болады? Шетелде қандай оқу орнына баруға болады, қайсысына болмайды? Қазіргі семинарда сол ақпараттарды береміз.


 Айта кетейік, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы ақпараттық-түсіндірме жұмысы үш күнге созылады. Осы орайда қаладағы 9 жоғарғы оқу орны мен колледж студенттері және қаладағы жекеменшік мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылады.