Қазақстан үшін гендерлік теңдік мәселесінің маңызы зор. Өйткені ел халқының 50 пайыздан астамын әйелдер қауымы құрайды. Ал бұл – азаматтардың 10 миллионнан астамы деген сөз. Осы орайда AMANAT партиясы «Гендерлік теңдік – қоғам дамуының негізі» тақырыбында жиын өткізді. Онда партия мүшелері әйелдің қоғамдағы рөлі мен саяси өмірге араласуы жайында сөз қозғады.
Гендерлік теңдікті ілгерілетудің негізгі мазмұны әйел адамдардың ер адамдармен қатар қоғамдық өмірде, мемлекеттік басқаруда, елге қызметте ерекше жауапкершілік арту болып табылады. Елімізде барлық салаларда әйел адамдар жемісті, нәтижелі қызмет етіп отыр. Өз кезегінде, партия әйелдердің құқығын барынша қолдап келеді.
БАЯН ЖАНДОСОВА, ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Негізі әйелдер мәжілісте, мәслихата 30 пайыз болу керек. Екі жыл бұрын ол жерге жастарды да ерекше адамдарды да қосып отыр. Негізі ұлттық комиссия бастама көтеріп отыр. 30 пацызды әйелдерге қалдыру. Өйткені пандемия кезінде, соңғы жылдарды пайыздық үстемесі азайып кетті. Бізде Шымкентте мәслихатта 20 пайыз болса, мәжілісте 18 пайызға түсіп кетті.
Қазіргі таңда Аманат партиясы мүшелерінің 65 пайызы нәзік жандылар. Ал бастауыш партия ұйымдарына төрағалық ететін әйел затының үлесі 52 пайызды құрап отыр. Осылайша мемлекеттік билік аппараттарында әйелдердің үлесін арттыру көзделген.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Аманат партиясы «Әйел аманаты» жобасын іске асыруды қолға алды. Ол бойынша Республикалық деңгейде жіне біздің аймақтық деңгейде де «Tomiris» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Яғни Әйел көшбасшылығы институтын қалыптастыру мақсатында жасап жатқан алғашқы қадамдардың бірі болып табылады. Біздің ата бабамыздан келе жатқан стереотипті жою керек қой. Қазір заман талабына сай гендерлік саясат гендерлік теңдік деген бар. Сондықтан әлемді деңгейде алатын болсақ зайырлы мемлекеттерде әйел көшбасшысы жоғарғы деңгейде дамып келе жатыр. Сондықтан ҚР дағы әйелдер үлесінің санын 30 пайыздан асыруға осы мүмкіндік жасау қолға алынып отыр.
Қазіргі жаһандану мен жаңа цифрлық технологиялар кезеңінде адам дамуының басты өлшемі оның жыныстық, нәсілдік белгілері емес, кәсіби құзіреті, жауапкершілігі мен шығармашылық әлеуеті болуы керек. Дамудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда әйелдердің экономикалық және саяси өмірге белсенді қатысуының маңызы зор.