Қазығұрт ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің көшпелі отырысы өтті. Қараша айында бастауын алған кездесулер Қазығұрт, Арыс, Отырар аудандарында қатар ұйымдастырылды.
Күн тәртібіндегі мәселе елдің татулығы мен бірлігі. Ынтымағы мен қоғамдық келісімді нығайту жоспары. Келелі жиын барысында отырысқа қатысушы ардагерлер өз пікірлерімен бөлісіп, диалог орнатты. Сондай-ақ кеңес мүшелері арыстық жастармен кездесті. Іс-шараға ауданның жастары, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Отырыстың мақсаты – ел бірлігін нығайту, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен татулық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоғамдық келісім мен ел болашағына жастардың үлесін арттыру. Жиын барысында қатысушылар өңірдің әлеуметтік бастамалары мен волонтерлік жобалары туралы пікір алмасты.