Шымкентте педагогтерге арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бастауыш буынға жаңа қадам» тақырыбындағы жиынның мақсаты «Педагог мәртебесі» туралы заң негізінде ұстаздардың оқытуы мен тәрбие беруінің бірізділігін қамтамасыз ету, кәсіби дағдыларын дамыту, озық тәжірибелерімен бөлісу болып отыр.
Оқытудың жаңа парадигмасы тәрбиешілер мен мұғалімдердің шеберлігін өзгертті. Дәстүрлі жаттанды әдістен жаңа технологияларды пайдалануға мүмкіндік берді. Конференцияда әр өңірден келген қатысушы өз аймағындағы өзекті мәселелері ортаға салып, бастауыш буынға бағытталған ойларын жеткізді.
АЙГҮЛ БЕКЕЕВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
Білім мазмұнына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйрену, технологияларды тиімді пайдалану және анықтау. Конференцияның міндеті озық үздік тәжірбиелерді анықтау жйне тарату. Республикалық көлемде болып жатқан конференция барша ұстаздар қауымына пайдасын тигізеді деген ойдамын. Білімді тәрбилі ұрпақ өсіру біздің ұстаздардың қолында.
Конференцияда «Педагог мәртебесі» туралы Заңының 15 бабы, 2 тармақшасы негізінде педагогтер кәсіби дағдыларын дамытып, бастауыш білім берудің өзекті мәселелерін талқылады. Озық тәжірибелерімен бөлісті.
ШОЛПАН АЙТБАЕВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Білімнің негізі бастауышта деп айтамыз ғой? Бастауыш буындағы білім берудегі негізгі мәселелер оқыту мен оқудың сапасын арттыру үшін қандай шешімдер болады, қандай жаңа қадамдар жасауға болады деген сияқты мәселелер қаралатын болады. Конференция тәжірбелі және теориялық екі бөлімнен тұрады. Қатысушылардың санаты оқу ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА өкілдері, «Өрлеу» орталығыны директоры сонымен қатар республиа көлемінде болғандықтан 30 дан астам өкілдер қатысып отыр.
Конференцияға Павлодар, Жамбыл, Ұлытау, Атырау облыстарынан ұстаздар келген. Олар оқыту мен тәрбиелеудің жаңа парадигмалары тақырыбындағы конференцияныөз өңірлерінде өткізуді жоспарлап оты.