Шымкентте сұйытылған газ бағасы көтеріліп, тұрғындар арасында наразылық туындады. Тіпті, кей бекеттерде газ жетіспеушілігі байқалып, автокөлік иелеріне қолайсыздық тудырды. Ал мамандар бағаның шарықтауына көлік санының артуы мен өзге өңірлерден келетін транзиттік тасымал құралдары сеп болып отырғанын айтады.


АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ

Қазіргі таңда Шымкент қаласында газ сатумен айналысатын 44 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді.Қала аумағында 4 газ толтыру станциясы, 203 автокөлікке газ құю бекеті қызмет көрсетіп отыр.Энергетика министрлігінің деректеріне сүйенсек, қазан айында қалаға 7 мың тоннадан астам сұйытылған газ бөлінген, кейін қосымша мың тоннаға жуық көлем берілді.Дегенмен, шаһардағы газ қажеттілігі 12 мың тоннаны құрайды.Аталған айырмашылық салдарынан кей бекеттерде уақытша тапшылық туындап, бағада өзгерістер байқалған.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
 «Бізде газ тапшылығы бар, газ жетпей жатыр»-дейді.Көрші облыста немесе транзитпен өткен автокөліктің бәрі біздің өңірге келіп, газ толтыра алады.Бұл мәселені бізден іздемеуі керек.Газдың бекітілген көлемі бар.Оны энергетика министрлігі белгілейді.Қалада 66 мыңнан астам газбен жүретін көлік болса, қалған көліктерге газ бөлінбейді.Бөлінген жағдайда, бұл артық шығынға әкеліп соғады.


АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Бүгінде шаһардағы сұйытылған газдың орташа бағасы 102 теңгені құрайды.Қалада 66 мыңнан астам газбен жүретін көлік тіркелген.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
 Қазан айында Энергетика Министрлігіне 7043 тонна өтінім бергенбіз.Газ тапшылығы болып жатқаннан кейін 1008 тоннаға дейін қосымша көлем алдық.Ал қараша айында 8410 тоннаға жуық сұйытылған газ өнімі шаһарға жеткізілді.Мұның барлығы 66 мыңнан астам автомобильге ғана есептелген.


АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы газ жеткізуші ұйымдармен бірлесіп, ахуалды тұрақтандыру бағытында жұмыс жүргізуде. Бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында барлық газ бекеттерінде күн сайын мониторинг жасалып отыр.