Әлеуметтік желіден жеңіл мазмұнды жазбаға үйренген жас әдеби туындыларды оқуға ықылассыз.  Рухани  құндылыққа айналған тағылымды шығармалар шаң басып қалуда. Осы мәселені ойға алған шымкенттік жазушылар бас біріктіріп оқырманмен жүздесті. Жастар орталығында  « Заман және Қаламгер»  атты әдеби жиын өтті.  

 Әдеби кештің алдында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әр туындының жанында автордың суреті мен аты жөні бар. Меймандар соңғы жылдары жарық көрген танымал әдеби туындыларды тамашалап көңлі толды. Кештің бір мақсаты да осы. Жазушыларын оқырманға таныстыру.

 МОМБЕК ӘБДӘКІМҰЛЫ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ  
 Жалпы жұртшылық ақын жазушыларын тани бермейді. Әсіресе әлеуметтік желі арқылы кітаптың мағынасы басқа жаққа аударылып кетті. Мақсат кітап оқуға насихаттау. Және танылмай жүрген жас ақын жазушыларды жұртқа таныстыру. Сол себеппен осы жиынды ұйымдастырып отырмыз.

 Оқырмандар жазушыларын сағынып ақ қалыпты. Жастар орталығының 300 орындық залы  меймандарға  лық толды.  Әдеби кеште алғы сөз алған қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов  мұндай кездесудің маңыздылығына тоқталды.

БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
 Осы заманға сәйкес қазір кітап оқитындардың саны азайып қысқа мазмұннды шығармаларға мән беріп отырған кезде әдебиет ол жаққа бұрылып кетпей жастардың бетін руханиятқа бұру үлкен жауапкершілік.   

Жергілікті жазушылардың басым бөлігі осы кездесуге келген.  Жиында ақын-жазушылардың шығармалары, сондай ақ өңір әдебиетінің  жай күйі жайында салихалы ой қозғалды. Оқырмандар жазушыларды жаңа қырынан танып әдебиетке деген ықыласы артты.