Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында инклюзивті топтағы балаларға арналған «Армандар орындалады» іс-шарасы өтті. 3 жыл бойы 700 ден аса ерекше балаға қуаныш сыйлап келе жатқан жоба 34-ші рет ұйымдастырылды.   


Облыстың әр ауданынан келген балалар  «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығына экскурсия жасап,  Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен мұрасы, оған қатысты аңыздар, сондай-ақ ортағасырлық қаланың тұрмыс тіршілігі туралы білді.


РОЗАХМЕТ УӘЛИЕВ, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ
Бұл жоба өте ерекше, ерекше балаларменжұмыс жасау мотивация беру, балалардың көңілін көтеру мен үшін үлкен бір өзімде мотивация аламын балаларме нбірге. Осы жерде ән айтып балалардың көңіл күйін көтеріп жүргенімізге 4 жыл болып жатыр. Армандар орындалады жобасы жасай берсін. Алдағы уақытта күшті концерттер қоямыз.  


 жобасының мақсаты – ерекше балалардың қарапайым армандарын орындау арқылы өмірге деген қызығушылығын арттыру. Қоғамда елеусіз қалмайтындарын, әрқашан көмекке келетін жақсы адамдардың бар екенін жеткізу. «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығының өкілдері балаларға жүрекжарды лебіз айтып, олардың қажырлы еңбегі мен белсенділігіне алғысын білдірді.


АСЕЛ БИМУРЗАЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
 «Армандар орындалады» жобасы көпшіліктің көңілінен шығып үлгергенінен 3 жылдан асты. 800 ге жуық баланы қамту оңай емес. Бұл тек өздеріңіз сияқты қолдайтын адамдардың, мейірімді жүректердің арқасында жүзеге асып жатыр. Бүгін басқа ауданнын келген балапандарды қуанытып жатырмыз.


 Іс- шара барысынла жобаға қатысушылар Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, мерекелік дастарханнан ауыз тиді.