1 желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. Осыған орай 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында республика көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жүргізілуде. Осы бағытта Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Қоғамдық денсаулық сақтау институты оқушылар арасында ЖИТС-тің алдын алу мақсатында ғылыми-тәжірибелік форум өткізді. Жиында жұқпалы ауруды жұқтырудың себептері мен салдары түсіндірілді. Тақырыпты тілші толықтырсын.
АИТВ жұқпасының қауіптілігін жастар жақсы түсінеді. Себебі қазіргі таңда қала мектептерінде инфекцияның алдын алу бойынша түрлі семинарлар ұйымдастырылып тұрады. Мамандар жұқпалы вирустың алдын алуды мектеп табалдырығынан бастағанды жөн санайды.
ДИНАРА ЖҰМАНОВА, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Форумның негізгі мақсаты — АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, оқушылардың білімін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Форумға №50 А. Байтұрсынов атындағы мектептің оқушылары және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қатысып отыр. Балалардың, оқушылардың түсіне алатын деңгейінде осы АИТВ/ЖИТС ауруы туралы, олардың пайда болуы жайында және ең маңыздысы — оның алдын алу жолдары түсіндіріліп айтылды.
Іс-шарада оқушылар тақырып аясында сахналық қойылым қойып, флешмоб биледі. Ал мамандар жастарға АИТВ-нің жұғу жолдары мен алдын алу әдістері туралы қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріп берді.
ФАТИМА АБДИЕВА, ЖИТС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГ ДӘРІГЕРІ
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, барлық іс-шараларды жастар арасында өткізіп жатыр. Жастар қайда жүгінеді деп отырсыз ғой? Оған байланысты бізде қалада 9 жерде жастар денсаулық орталықтары бар. 16 мен 35 жас аралығындағы жастар сол жерге барып, ВИЧ-ке байланысты сұрақтар қойып, жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша әртүрлі профилактикалық шаралар туралы ақпарат алып, қалай алдын алуға және емделуге болатынын біле алады.
Ғылыми-тәжірибелік форумда оқушылар мамандарға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды. Ал салауатты өмір салтын насихаттап, СПИД-тің алдын алуға бағытталған іс-шараларға белсене қатысқан бірқатар азаматтар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.