Бүгін Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сенат жанындағы «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысы өтті. Басқосуда цифрландыру дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтау және жасанды интеллектіні рухани-мәдени бағытта тиімді пайдалану мәселесі талқыланды. Сенат спикері цифрлық технологиялардың қоғам өміріне зор ықпал етіп жатқанын атап өтіп, «ұлттық құндылықтар заманауи форматта дәріптелуі тиіс» деді. Оның айтуынша, цифрландыру – қауіп емес, ұлттық бірегейлікті нығайтудың жаңа мүмкіндігі. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, өнер ордаларының басшылары мен ІТ-сарапшылар қатысып, мәдени мұраны жаңа технологиямен таныстыру бағытындағы жобаларын ұсынды. Солардың бірі – ұлттық мәдениетті 3D форматта көрсететін E-museum веб-порталы, сондай-ақ Steppe Games ойыны, «Қазақ әдебиетінің аудиоқоры», Қорқыт, Oyu Resonance секілді бастамалар таныстырылды.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл жолда олардың цифрлық кеңістікте қорғау мен насихаттаудың маңызы зор. Осы ретте цифрлық дәуірді қауіп емес, мүмкіндік ретінде қарастырған орынды болар. Алдағы уақытта бұл бағытта кешенді жұмыстар атқарылады деп сенеміз.