Қазір медиа кеңістігі күн сайын өзгеріп келеді.
Жасанды интеллект дамып, ақпарат өндірудің жаңа кезеңі басталды.
Бірақ осындай заманда журналистің шынайы сөзі, адам факторы мен кәсіби білімнің маңызы қандай? Медианың жаңа мүмкіндіктері мен болашағы жайлы - келесі сюжеттен көре аласыздар.
Астанада Орталық Азиядағы ең ірі медиа іс-шара «Astana Media Week 2025» өтіп жатыр.
Биылғы форум «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбы аясында ұйымдастырылған. Оған медиа саласының мамандары, халықаралық серіктестер мен мемлекеттік ұйым өкілдері қатысуда.
КСМ: Үш күн бойы қатысушылар медиаэтика, деректі фильм өндірісі, жасанды интеллект, имидж қалыптастыру, цифрлық коммуникациялар және дата-журналистика тақырыптарын талқылайды. Форумда пленарлық және панельдік сессиялар, шеберлік сабақтар мен питчинг-жобалар өтуде.
Спикерлер қатарында Euronews, «Хабар», «Qazaqstan», Atameken Business және басқа да медиахолдингтер бар. Сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Еуропа сарапшылары қатысуда.
Биыл алғаш рет стриминг платформалар нарығына арналған арнайы сессия өтті. Онда TV+, Кинопоиск, Unico Play, Birge TV және Freedom Media өкілдері жаңа форматтар мен халықаралық ынтымақтастық бағыттарын ұсынды.
«Astana Media Week» жыл сайын өтетін дәстүрлі платформаға айналып, өңірлік және халықаралық медиа байланыстарды нығайтатын маңызды алаң ретінде бағаланды.