Шымкент қаласындағы Металлург спорт кешенінде дзюдодан жастар мен қыздар арасында ашық турнир басталды. Дүбірлі дода Кеңес Одағының батыры Ережепбай Молдабаевты еске алуға арналып отыр. Боз кілемде белдесуге еліміздің барлық өңірінен 400-ге жуық еліміздің жас балуандары қатысуда.
Күрес өнері әсіресе жастар арасында қазір қарқынды дамып келеді. Байрақты бәсекеде көршілес Өзбекстан мен республикамыздың аймақтарынан іріктелген талантты жас балуандар бақтарын сынауда. Жүлдеден басты үміткерлердің қатарында Алматы мен Қызылорда, Түркістан облыстары мен жергілікті Шымкент қаласының спортшы ұл-қыздары бар.
Жарыс барысында Абылай Шағыраев баптайтын шымкенттік шеберлер өздерінің мықтылықтарын танытуда. Биыл жас балуандар арасында өтіп жатқан жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл спортты дамыту барысында мамандармен бірлесе отырып, әлемдік деңгейде өркендету үшін федерация игілікті істерді атқаруда. Турнирде жеңіске жеткендер жастар құрамасына алынып, Алматыда өтетін Ел чемпионатына қатысатын болады.