Мегаполисте 2107 тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған. Жауаптылар жылыту маусымына оның 266-ы ғана дайын екенін айтады. Биыл Қуат жылу орталығы 29,5 шақырым тозығы жеткен құбырларды жаңартып жатыр. Сонымен қатар көпқабатты үйлердің жатын құбырлары тексеріліп, тозығы жеткендері ауыстырылуда.
Жылыту маусымына дайындық жұмысы жылдағыдан ерте басталды. Қазіргі таңда қаланың бес ауданында сервистік қызмет көрсету мекемелері сығындау жұмысын жүргізіп жатыр.
Көпқабатты тұрғынүйлерде ескірген ыстық су және жылу желілері біртіңдеп ауыстырылып жатыр. Шіріген құбырлар жаңартылып, бұрандалары қалыпқа келтірілуде.
Әл-Фараби ауданында 859 көпқабатты тұрғын үй орталық жылыту жүйесіне қосылған. Ондағы сығымдау жұмысымен 7 сервистік қызмет көрсету мекемесі айналысады.
Ал Қуатжылуорталығы 29,5 шақырым тозығы жеткен құбырды жаңартуда. Оған қала бдюжетінен 2,4 млрд теңге қаржы қаралған. Сонымен қатар 26 қазандықтың 21-і жылу беруге дайын тұр. Деседе қуатжылуорталығының басшысы дайындық жұмысының баяу жүріп жатқанын айтты.
«Қуатжылуорталық-3» мекемесі қаланың жылу жүйелеріне 100 пайыз қызмет көрсетеді. Сонымен қатар жылу энергияны беруші әрі жабдықтаушы. 23 қазандық, 17 сорғы станциясы бар.