Шымкентте алғаш рет табан деформациясына ота жасалды. Хирургиялық ем-дом мәскеулік мамандардың ықпалымен жүзеге асты. Қалалық балалар клиникалық ауруханасында қолға алынған бастама аясында 5 күнде 14 баланың дертіне шипа табылды. Жеткіншектердің отадан кейінгі жағдайы баспаөз конференциясында талқыланды.


Соңғы жылдары табан деформациясымен туылатын нәрестелердің саны артқан. Салдарынан жүріп-тұруы қиындап, тіпті аяқ киім кие алмайтын жағдай да кезедіп жатады. Мамандар осындай диагноздағы балалардың дертіне ем табылғанына қуанады.


 Күрделілігі жоғары санаттағы хирургиялық операция арнайы ашық есік апталығында жасалды. Бұл уақытта ортопедия және микрохирургия саласындағы жетекші ресейлік мамандар 14 жеткіншектің аяқтан тұруына ықпал етті.


 Шымкенттік дәрігерлер микрохирургия арқылы туа біткен аурулардың хирургиялық емдеудің заманауи, прогрессивті әдістерін меңгерген. Кезекті ашық есік апталығы жергілікті ақ халаттылардың біліктігін шыңдай түсетіні белгілі. Сондықтан осындай тәжірибе алмасулар алдағы уақыттарда да жалғасын табады.