Елімізде қалтасын қағып, несиеге батып той жасайтындар аз емес. Той иелері ысырапшылдыққа жол беріп, дастарханға ащы судың неше атасын қояды. 500 адамның алдында мағынасыз әңгіме айтып, арзан күлкіні жалау ететін асабалар да азаймай тұр. Ал Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы болса тойда әдеп пен салт-дәстүр, мәдени құндылық дәріптелуі керек дегенді алға тартады. Бұл мақсатта қандай іс-шаралар атқарылып жатыр? Сюжеттен көрейік.


Той – қазақтың қазынасы. Әулеттің басын қосып, отбасылық қуанышты өзгемен бөлісетін мереке. Соңғы уақытта тойды шоуға айналдыратындар көбейді. Тойхана ортасына көлікпен келіп, аспаннан тікұшақпен түскенді де көрдік. Ысырапшылдыққа жол беріп бір сәттік қуаныш үшін миллиондап қаржы жұмсаған дұрыс па?


Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қазақтың тойы дәстүр мен ұлттық құндылықтар арқылы насихатталуы керек дегенді алға тартады. Тойды әдеп деңгейінде, салт пен дәстүр аясында өткізу ұлт болашағымен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы рөл атқарады дейді еліміздің бас мүфтиі.


 Қазақ мәдениетінде той халықты біріктіретін, ұлттық салтты насихаттайтын, күш пен өнер сайыстыратын мереке ретінде қаралған.