6-шы  қазан Қазақстанда  республикалық референдум өтеді. Еліміздің барлық өңірлерінде дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Осыған байланысты ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Шымкентке арнайы келіп, жауапты өкілдермен кездесті.
 Мегаполисте 321 ашық, 23 жабық учаскелер қызмет ететін болады. Бұл референдум – елдің болашақ энергетикасын шешуге арналған. Сондықтан маңызды шарада тәртіп басты орында болмақ. Электоралдық кезеңде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жалпы 2268 қызметкер мен 212 арнайы автокөлік жұмылдырылады.
 ҰЛЫҚБЕК МЫЛТЫҚОВ, ЖПҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БАСТЫҒЫ
 - Оның ішінде 642 қызметкер 321 реф учаскелеріне күзетуге жұмылдырылады.

 Қалада референдумға қатысу құқығына ие  660 563 адам бар. Соның ішінде дауыс беру кезінде ерекше жағдайлар қажет ететін  3615 мүгедектігі бар сайлаушылар. Барлық сайлау учаскелерінде қолжетімділік ұлттық стандарттарға сәйкес жасалған.
 ЖАНАТ  ӨТЕБАЕВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ  ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Тірек қимылы бұзылған арбаға танылған азаматтарға 28 инватакси қызмет етеді

 Жиынды қорытындылаған  ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман референдумға дайындық жұмыстарын әлі де пысықтауды тапсырды. Басты мақсат  қала тұрғындарына сайлау кезінде толық  жағдай жасау керектігін жеткізді.
 МҰХТАР ЕРМАН, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ
-  Ең бірінші мәселе тұрғндарды сайлаушылар тізіміне енгізу. Одан кейін тиісті ақпарат беру.

 АЭС салу туралы шешім барлық факторларды мұқият талдауға негізделуі тиіс. Атом энергетикасы энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету. Бірақ қауіпсіздік шараларын және қалдықтарды басқаруды талап етеді. Углерод шығарындыларының  салыстырмалы  экологиялық тазалығына қарамастан, атом энергетикасы радиоактивті қалдықтар, апат қаупі, жылулық ластану және радиациялық әсердің ұзақ мерзімді салдарлары сияқты экология үшін елеулі тәуекелдерді тудырады.