Көне дәстүр жаңғырды. Отырар ауданында керамика, ағаш ұқсату шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» ұйытқы болған шараға еліміздің әр аймағынан қолөнер шеберлері қатысты. Ұлы Жібек жолы бойындағы дәстүрлі жәрмеңке Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен шымылдық түрді.
Отырар – қазақтың көне дәстүрін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап отырған киелі мекен. Әлімсақтан сауда-саттық пен өнер-ғылымның ордасына айналған аймақ сол үрдісті әлі үзбеген.
РЫСКҮЛ ІСКЕНДІРҚЫЗЫ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
-Отырардағы кесенелер мынау Түркістанның аршасынан жасалды. Қыш-құмыра бұйымдары біздің талай құнды заттарымызды ұстап тұрды. Сондықтан бұл жер киелі өнірді сақтаушы мекен болып табылады.
 Мәдени шараға Абай, Алматы Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан 35-ке жуық ісмер қатысты. Мамандар тәжірибе алмасып, қолданбалы қолөнердің қыр-сырын насихаттады.
 КЕНДЕБАЙ ҚАБДОЛОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ
- Шебердің қолы алтын,-деген қазақ. Қолданынан келетін өнерін паш етіп, көпке үлгі болып отыр бұл азаматтар. Баршасына алғыс айтамыз, сәттілік тілейміз.
Өнерлінің өрісі кең. Қиыннан қиыстырып, құмнан қыш жасап, ағаштан түрлі бұйым шығарған шеберлер айтулы шараға алғыстарын жіткізді. Қолданбалы өнерді сату, таныту бағытында қосар үлесі ерек,-деп отыр.
ДАНИЯР БАБАШЕВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
-Осыны ұйымдастырып отырған Отырар музейіне алғысымызды айтамыз. Танысып, көріп, біліп жатырмыз. Бастама жақсы. Насихатталуы аз еді. Осындай жиындар көп көмегін береді.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» мұрындық болған шара 13-рет өткізіліп жатыр. Қасиетті мекендегі көне мәдениет пен дәстүрді насихаттау шаралары жалғаса бермек.
ЕРАЛЫ ШОҚАЙ, «ОТЫРАР» МЕМЛЕКЕТТІК АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ» РМҚК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
-Мынау келіп отырған шеберлердің бәрі өнерлі. 01:50 негізгі мақсатымыз да сол қолданбалы қолөнерді кеңінен таныты болып табылады.
Сайыс түріндегі көрме-жәрмеңке өткен жылы тоқыма және зергерлік өнер бағында ұйымдастырылған. Оған Халықаралық дәрежедегі шеберлер қатысқан болатын. Маманда осылайша әр жылцы ір түрлі өнерді насихаттап, қолданбалы қолөнердің өрісін кеңе    йтіге күш салмақ.