Абай ауданы Шымкенттегі көшесі көп аумақ. Жолдың жалпы ұзындығы мың шақырымнан асады. Алайда, олардың жартысынан көбінде асфальт төселмеген.
Аудан аумағындағы 1 080 шақырымды құрайтын 1274 көше бар, оның 48%-ы ғана асфальт жол. Ал 450 шақырым жолға тас төселген. Өкінішке қарай, тұрғындарға топырақ жолмен де жүруіне тура келеді. Себебі аудан аумағында жалпы 57 шақырым көше топырақ жол. Аталған мәселені шешу үшін 2024 жылы 74 көшеге, яғни 60 шақырымына асфальт төсеу басталған, бірақ жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге ауданда жолдарды жарықтандыру мәселесі де шешімін таппай келеді. 2023 жылы Абай ауданында бар-жоғы 13 көше жарықтандырылған. Осылайша, аудандағы мыңнан аса көшенің 193-інде ғана жарық бар. Бұл жалпы көшелердің 15 пайызы ғана жарықтандырылған деген сөз.
СПИКЕР: ШӘКІР СҰЛТАНХАН, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 5439: 00,32-00,57
- Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 254 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 1,2 млрд.тг қаржы қаралды. Жұмыстар қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылуда. Мердігер мекеме «ӘлемТрансЖол» ЖШС.