Мамыр айы мерекеге толы айлардың бірі. Қалалық әкімдік Жеңістің 80 жылдығы аясында бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Қаламызда «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» аталып өтеді. «7 мамыр – Отан қорғаушы күні», «9 мамыр – Жеңіс күніне» арналған іс-шараларға жоспарлы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жеңістің 80 жылдығы аясында қала аумағында соғыс ардагерлері мен әскери қызметшілерге 80-ге жуық құрмет көрсету, еске алу шаралары, патриоттық акциялар, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін этностардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, қолөнерін көрсете отырып, бұқаралық іс-шаралар форматында өткіземіз. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара 6 мамыр күні сағат «Түркістан сарайы» концерттік залында өтеді деп жоспарлануда. Бұған бюджет есебінен 17 млн 471 мың теңге қаржы бөлінген. 9 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы мерекеленеді. Дәстүр бойынша бұл күні Абай саябағындағы «Даңқ» мемориалдық кешенінде гүл қойылады. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында үнсіздік жарияланып, Бұған бюджет есебінен 26 млн 673 мың теңге қаржы қарастырылған.