Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданындағы «Жасдәурен» шағынауданын абаттандыру жұмысымен танысты. Өткен жылы халықпен көшпелі кездесу кезінде тұрғындар елдімекенге сквер, балалар және спорт алаңшаларын салып беруді өтінген.


 Аудан әкіміне абаттандыру жұмысының сапалы әрі қауіпсіз жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуы тапсырылған. Барлық жастағы азаматтар үшін жайлы демалыс орнын қалыптастыру маңызды. Бұдан соң қала әкімі Әл-Фараби ауданында мектепке дейінгі мекемелерге арналған жиһаз бен спорттық жабдықтар өндіретін WOODERN ЖШС-нің өндіріс цехында болды. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысына мемлекеттік қолдау шаралары аясында өндірісті кеңейтуге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. «Самал-3» шағынауданындағы Юсупов көшесінде тұратын тұрғындардың да өтінішін назардан тыс қалдырмады. Азаматтар жол жөндеу жұмыстарының созылып кетуі мен жарықтандырудың жоқтығына шағымданды. Кездесу барысында барлық жұмыс бекітілген кесте бойынша жүргізіліп жатқанын және биыл толық аяқталатынын атап өтті. Сондай-ақ Изенді көшесін Төлеметов көшесіне дейін жалғау және Кремль көшесін күтіп-ұстау жұмыстарын тексерді. Мердігер ұйымға құрылыс қарқынын арттырып, барлық техникалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.