Қан майданда от кешкен батырлардың қатары сиреп барады. Шымкентте ІІ дүние жүзілік соғысқа қатысып, аман-есен оралған екі-ақ ардагер қалды. Бүгін Ерлік музейінде жеңістің 80 жылдығына арналған айтулы шара өтті.
Қарт сардар Серікбай Мейірбайұлы күллі саналы ғұмырын әскери қызметке арнаған жан. Зейнетке шыққаннан кейін де тыным таппай еңбек етіп келеді. Бүгінде жасы 72-ден асса да, әскери формасын шешпеді. Қызметінен қол үзбей, жұмысын абыроймен жалғастырып келеді.
СЕРІКБАЙ МЕЙІРБАЙҰЛЫ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Алдағы жеңістің 80 жылдығын ешқашан ұмытпаймыз. Бүгін құран бағышталатын болад бабаларымызға, аталарымызға. Бәріңізге белгілі Шымкент қаласынан 140 мыңнан адам аттанған еді майданға. Бірақ әліге дейін талай азаматтар шығып жатыр. Биылдың өзінде 26 азамат олар тізімде жоқ майданға кетті деген бірақ майдан даласында қайтыс болып Оларды да 80 жылдыққа Даңқ м аттарын тасқа қашап жазатын боламмыз.
Айта кетейік, Жеңістің 80 жылдығына орай 80 іс-шара ұйымдастырылады. Осы турасында «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды» атты салтанатты кеш пен көрме өткізілді. Соғыс кезіндегі қару-жарақтар, киімдер, ардагерлердің жеке заттары мен фотоқұжаттар қойылды.
ГҮЛЗАНАТ СЕЙІЛХАНҚЫЗЫ, ЕРЛІК МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Біздің негізгі музейдің мақсаты ұрпақтардың патриоттық сезімін ояту болып табылады.Біздің ерлік музейі 10 күндік іс шаралар өткізіп жатырмыз. Бүгінгі іс щарамыз ең үлкен іс шара болып саналады. Негізі бұл іс шараны біз Семей ардагерлерімен бірігіп өткізіп жатыырмыз.
Қазір Қазақстанда сұрапыл соғыстан аман келген 111 майдангер қалған. Жалпы тыл еңбеккерлері мен өзге қақтығыстарға қатысқандарды қосқанда елімізде 83 мыңнан аса ардагер бар. Оларға биыл 4 млдр 300 млн теңге көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленген.