Жат ағым жолдан адастырады. Дәл осындай тақырыппен Дін істері басқармасы мен Шымкент орталық мешіті бірлесіп, рухани форум өткізді. Ондағы басты мақсат – жастарды түрлі ағымдардан сақтандыру. Оған теолог мамандары мен дін өкілдері қатысып, арнайы дәріс оқып, түсінік жұмыстарын жүргізді.


Шымкенттің өзінде қазір жат ағымның жетегінде жүрген 550 азамат тіркелген. Олардың 200-ге жуығы ағартушылық бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде елге қайтарылып жатыр. Басым дені жастар. Ал, олардың өзге ағымдарға кетуінің негізгі себебі жұмыссыздық екенін дін өкілдері назарға алды. Сондықтан келген студенттерге ресми мақұлданған арнайы сайттар мен парақшалар таныстырылды. Қатысушылар да өз кезегінде көкейдегі сауалдарына толққанды жауап алып, діни тағылымы мол дәріске қанық болды. Айта кетейік, елде 5 миллионнан аса жас болса, соның 381 796-ы Шымкент қаласының тұрғыны.


ХАСАН АМАНҚҰЛОВ, ҚМДБ ДІНИ БІЛІМ ЖӘНЕ КАДР ДАЙЫНДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

--- Идеология бұзылғаннан кейін адамның іс-әрекеті де өзгереді. Ол қоғамға, Мемлекетке үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан, соңғы жылдары мемлекет тарапынан да назар аударылып жатыр. Біз Діни басқарма ретінде жергілікті мешіт, имам, ұстаздары тікелей қатысымз болғандықтан, осындай жұыстарды ұсынамыз.