Жемқорлықты жеңетін жәшік. Енді мегаполисте кәсіпкерлер көп жүгінетін мемлекеттік мекемелерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің сенім қорабы ілініп тұрады. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыруда.
Жоба іске қосылғаннан бастап Департамент «Атамекен» ҰКП және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп арнайы шараларды қолға алған. 4 мыңнан астам кәсіпкерлердің қатысуымен 100-ден астам кездесу өткізген. Нәтижесінде 40 мәселе шешіліп, 3,5 мыңнан астам бизнес субьектілерінің құқықтары қорғалған. Кәсіпкерлікке кедергі келтірген 11 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылған. Бұл сенім жәшігі де жобаның жалғасы. Құжат рәсімдегенге қаржы дәмететін тұлғаларға тосқауыл. Қорапқа арыз тастауға болады. Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің байланыс деректері жазылған.
НҰРТӨРЕ ҚАЛДЫБАЕВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
--- Қазіргі кезде кәсіпкерлердің өтініштерін қабылдау мақсатында Түрлі мемлекеттік мекемелерде халых көп жүгінетін орындарға мынандай жәшіктерді орнатып жатырмыз. Бұл жәшіктер байланыс деректерімен сонымен қатар олардың өтініштерін қалдыруға мүмкіндік бар. Бұл механизм әлеуметтік зерттеуге көмек береді. Сонымен қатар кәсіпкерлердің бизнес өкілдерінің нақөты әкімшілік кедергілерін мәлімен есебінде бізге беретін болады.