«Ізгі істер уақыты». Осындай атаумен өңірде ерекше балалардың денсаулығына арналған қайырымдылық форумы өтті. Жиынға Ресей мен еліміздің денсаулық сақтау саласының мамандары, педагогтер, психологтар мен ата-аналар қатысты. Қоғамда қордаланған өзекті мәселелердің шешілу жолдарын талқылады.
Бүгінде 5700-ден астам ерекше бала динамикалық бақылауда тұр. Қалалық балалар клиникалық ауруханасы эпилепсиямен ауыратын балаларды емдеу ауқымы кеңейгенін, эпилепсия хирургиясының мүмкіндіктері артқанын айтты. Сонымен қатар ерекше балаларға арнайы стоматологиялық кабиенттер ашылғанын жеткізді. Жалпы түрлі диагноздары бар балалар да қоғамның толыққанды мүшесі. Қоғам болып толық қабылдауға үйрену керек. Жиынның да көксеген мақсаты осы – ерекше дамудағыларды шеттетпей, көпшілік ортаға бейімдеудің түрлі тәсілдерін ұсыну, түйсіндіру.
ГҮЛНҰР САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ, ДӘРІГЕР-НЕВРОЛОГ
Бұлшық ет атрофиясының начесінен балалар қозғалу, тыныс алу тіпті тмақтану мүмкіндігі нашарлайды. Осындай балалардың өмірін жеңілдету үшін арнайы гендік терапия қолданып отырады. Аутизм, церабрлады сал ауруы, тағы да басқа неврологиялық диагноздармен тіркелген науқастарға арнайы мамандандарылған стоматология кабинеті ашылған. Өйткені, аутизм балдар тіс емдеуге келгенде өздерін басқара алмайды.