Гаджет – қасірет. Жас ұрпақтың психикасына кері әсерін беріп жатқан смартфондарды шектеу керек дейді мамандар. Әлеуметтік желі жастардың психикасына кері әсерін беріп жатыр. Салдарынан мүгедектігі мен жүйке бұзылысы бар балалар көптеп туылуда. Сондықтан әр ата-ана ұрпақ болашағын бүгіннен ойлауы тиіс.


Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары мүгедектік белгісі мен аутизм дертімен туылатын нәрестелер көбейген. Бұл – ойланатын мәселе. Өзін-өзі смартфоннан тия алмау – айықпас ауруға шалдықтыратынын да мамандар мойындап, дәлелдеп отыр.


 БАҚЫТЖАН ПОЗИЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ №2 ТАУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Шыны керек, осыдан 10 жыл бұрын аутизм деген дертті білген де, естіген де жоқпыз. Қазір екінің бірі осы дертпен туып жатыр. Ол дегеніміз қасірет. Ол осы технологияның кері әсері сияқты. Біз әр кезде де өзімізді осы келеңсіз жағдайлардан бойымызды арашалай білуіміз керек.


Заман күн санап дамып келеді. Осы тұста электронды құрылғылардың да сан түрін кезіктіріп жүрміз. Былдырлап тілі шықпаған балаға гаджет ұстатып, әлеуметтік желіде еркін отыруына мүмкіндік жасап қойдық. Бірақ мұның соңы қасіретке әкелуі мүмкін.


ЖҰМАЛЫ ҚАУЫЗБАЙ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ

Дүниежүзілік тренд дейміз ғой, тик-тогы бар, инстаграмы бар дегендей. Соған еліктеп кетіп жатырмыз. Оның адам ағзасына, баланы дамуына қаншалықты әсер ететінін әлі ешкім зерттеп жатқан жоқ.


Ғалымдар әлеуметтік желілердегі қысқа метражды бенероликтер тез қабылдауға ыңғайлы болғанымен, ми қыртысы қорытып үлгермейді дейді. Сондықтан әлеуметтік желіні жиі парақтау бас ауруын тудырып, соңы психикалық дертке жеткізуі мүмкін.