Шымкенттік құрақшылар ұлттық өнерді насихаттауда көш бастап келеді. Өткен жылы V дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 450 шебер бір мезетте құрақ құрап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. «Аламан құрақ» ұйымының әжелері биыл да белсенділік танытып отыр. «Құрақ құрау – өнердің сарқылмас қайнар көзі» атты шеберлік сағатында қолөнердің озық үлгілері паш етілді.


 Іс-шара барысында қатысушылар мен қонақтар халқымыздың ежелгі дәстүрі – құрақ құрау өнерінің терең мағынасын біліп, тәрбиелік мәні мен эстетикалық әсемдігімен танысты. Ерекше атап өтерлігі – V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында «Аламан құрақ» жобасы аясында бұл өнер жаңа биікке көтерілді.


НҰРГҮЛ АБАЙХАН, «АЛАМАН ҚҰРАҚ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

 Бұл жәй ғана арман еді. Осы құрақшылардың басын бір жерге қосып, олардың өнерін бір арнаға бұрсақ деген. Енді міне бүгінде әлемдік деңгейге дейін көтеріліп кетті. Өте қуаныштымыз. Бұл ұлттық өнерге деген жанашырлық деп білеміз.


Өткен жылы шымкенттік шеберлер бір мезетте құрақ құрап, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Жайылған көрпелердің жалпы көлемі 11 200 шаршы метр, ені 16 қатар – 40 метр, ұзындығы 28 қатар – 252 метрді құрады. Ұлттық өнердің әлемдік деңгейде мойындалуы осы десек болады.


БАУЫРЖАН ОРЫНБАСАРҰЛЫ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Құрақ құрау біздің бұрыннан келе жатқан ұлттық өнеріміз. Ол озды. Тозған жоқ. күн санап құрақышыларымыз да көбейіп келеді. Біз қашанда оларды қолдауға дайынбыз.


 Ұлтық өнерге жастайынан құмар жанның бірі – Жібек Орынбаева. Бала күнінде текеметке сызу сызып жүріп, оюдың қыр-сырын жетік меңгерген. Заманмен қатар дамып отыратын ұлттық өнерді бүгінде бизнес көзіне айналдырған әжей құрақ құрау жастарды сабырлық пен мәдениеттілікке үйретеді,-деп отыр.


ЖІБЕК ОРЫНБАЕВА, ҚҰРАҚШЫ

Бала кезімнен өнерге құмар болдым. Оқушы кезімде текемет тоқитынбыз. Сол кезде дәлдікті үйрендік. Сен түзі сызасың,-деп маған сыздыратын. Содан қалыптасып кетті.


Құрақ құрау - ұлттың ұмытылмас өнері. Осы асыл мұраны жастарға кеңінен таныту мақсатында Шымкентте арнайы шеберлік сабағы өтті. Игі шараға оңтүстіктің түкпір-түкпірінен жиналған ақ жаулықты аналар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулу, дәстүрдің дәнін сеуіп, өнерге деген ықыласын ояту.