Жеңістің 80 жылдығына орай прокурорлар сайыс өткізді. Еліміздің барлық өңірінен келген орган қызметкерлері Металлург стадионында спорттың 4 түрінен бақ сынады. Командалар арасында шымкенттіктер де бар. Олар жарыстың барлық түрі бойынша белсенділік танытты.


Айша Қуаныш Шымкенттің тумасы бола тұра жарыста Қарағанды облысының намысын қорғады. Себебі Әлихан Бөкейханов ауданындық прокуратурасында бөлім прокуроры болып жұмыс істейді. Ол бұған дейін түрлі бағыттағы сайыстарға қатысып жүлделі орын алған. Бүгінде жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімді.


АЙША ҚУАНЫШ, СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ

Бүгін эстафета және де 500 метрге жүгіру бойынша қатысайын жатырмын. Бүған дейін прокуратура органдарының идеологиялық жұмыс аясындағы өткізілген конкурстарға қатысқанмын. Ол атысудан, Абай өлеңдерін оқудан қатысқанмын. Бірінші рет емес қатысуым. Жалпы сайысты өткізу деңгейі өте жоғары. ШЫмкент қаласы прокуратурасына алғысымызды білдіреміз. Қарағанды облысы бойынша іріктеу жарысы болды. Өзіміздің арамызда конкурстар өткізіп содан кейін жеңген адамдар жиналды.


Прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылған спорттық сайыста ҚР Бас прокуратурасының кадрлық жұмыс департаментінің басқарма бастығы Ернұр Уәли бас прокурор Берік Асыловтың құттықтауын жеткізді.


 ЕРНҰР УӘЛИ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ КАДРЛЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

 Ұлы отан жылдары ішінде фашизмды талқандауға прокуратура органдарының қызметкерлері айтарлықтай үлес қосты. Соғыстың алғашқы жылы ғанан республика прокуратураснан 400 ден астам қызметкер өз еркімен майданға аттанды. Сұрапыл соғыста ерлікпен шайқасқан қадағалау органдарының қызметкерлері Б.Момышұлы, Н. Әбдіров, М.Мұқанов С.Әбдіжаппаров кеңес одағының батыры атанды. Ал ардагер И. Гапич халық қаһарманы атанды. Майдангер ардагерлеріміздің ерлігі ұрыс даласындағы ерең еңбегі қазіргі бейбіт өміріміздің алтын тұғыры.


 Іс-шара майданда болған ата-бабаларымыздың ерлігін дәріптеп, прокуратура органдарының бірлігі мен кәсіби рухын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Металлург стадионына еліміздің әр өңірінен 25 команда жиналып, 100-ден аса прокуратура қызметкерлері спорттың 4 түрінен бақ сынасты.


 ЕРНҰР УӘЛИ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ КАДРЛЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

 Қызметкерлердің негіңзгі бөлігі жас қызметкерлер. 40 жасқа дейінгі өзінің тәртібін сай солай белгіленді. Олардың арасында бүгінгі жарыстың құрамында арқан тарту, гір тасын көтеру, эстафеталық жүгіріс және басқада қызықты ойындар болады. Сайыстарға осы жергілікті кәсіби төрешілер көмектесіп жатыр. Өзара ықпалдастық негізінде осы қаланың денешынықтыру саласына жауап беретін мамандар осында жүр. Яғни барлығы әділетті өтеді деп біз үміттенеміз. Барлығы өз деңгейінде деп санаймыз.


 Жеңімпаздар арнайы марапатталды. Айтып өтейік, еліміздің бас прокуратурасы биыл 6 спорттық іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Келесі жарыс мамыр айында үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысында өтпек.