Шымкентте әлеуметтік қызмет көрсетіп келген 4 үкіметтік емес ұйым лицензия ала алмады. Себебі олардың жұмысы талапқа сай болмаған. Мемлекеттен бөлінетін қаржы да тоқтатылды. Салдарынан 90 адам әлеуметтік қызмет түрлеріне қол жеткізе алмай отыр.
Басқармаға қарасты 10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мекемелері, «Өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды бейімдеу», «Белсенді ұзақ өмір» орталығы және 4 Үкіметтік емес ұйым лицензия алған. Олар сәуір айына дейін 3 279 адамға қызмет көрсеткен. Ал «Давайте расти», «ЖИТС-тен балаларды қорғау», «Рақмет саған, Анашым», «Асылай» қоғамдық бірлестіктері лицензиядан қағылды. Аталған ұйымдардан қызмет алған ерекше балаларды мемлекеттік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Қазіргі таңда мамандар ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.