Үшінші мегаполиске Тәжікстанның денсаулық сақтау саласының өкілдері келді. Шет елдік қонақтар Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйым өкілдерімен бірге қаладағы медицина ұйымдарын аралап, адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияны енгізу бойынша тәжірибе алмасты.
Шымкентке келген делегаттар Тәжікстан республикасының денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері. Олар қаладағы бірқатар емханалар мен мектептердегі медициналық пункттерді аралап шықты. Шетелдік мамандар адам папиломасына қарсы екпе егу жұмысымен танысып, жергілікті мамандармен тәжірбие алмасты.
ФАЙЗАЛИ БАРОТ – ТӘЖІКСТАНДАҒЫ ИММУНОПРОФИЛАКТИКА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
Бірінші кезекте қазақ елінің жылы қабылдағаны, қонақжайлылығы және бүгін алған біліміміз үшін алғыс айтқым келеді. Иммундау күнтізбесінде жаңа вакциналарды қолдану халық арасында көптеген сұрақтар туғызады және біз Қазақстанға әріптестеріміздің тәжірибесін қабылдау және осы вакцинацияны елімізде енгізу үшін келдік. Тәжікістан Республикасы 2025 жылдан бастап адам папиллома вирусына қарсы вакцина салынуды қола алады. Біз қазір дайындық үстіндеміз”-дейді Файзали Барот, Тәжікстандағы иммунопрофилактика орталығының бас директоры.
Адам папилломасын дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін емес, жалғыз жолы – ванкциналау. Осылай деген мамандар вирусқа қарсы екпені әлемнің 135 елі мақұлдап, қолданысқа енгізгенін айтады. Сондай-ақ аурудың бұл түрінен 3000 ға жуық әйел қайтыс болады. Ал біздің елдегі көрсеткіш көңіл көншітпейді. Тізімде екінші орында тұр. Жылына 1900 адам вирусты жұқтырып, 600-ден астам әйел көз жұмады.
ДАРИҒА ҚАЗАҚБАЕВА - №1 ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазан айынан бастап 11-12 жас аралығындағы қыздарды адам папилома вирусына қарсы вакциналау басталды. Және бұгінгі күні қыздардың шамамен 50 пайызы егілді. Екпе алғандар арасында жағымсыз жағдайлар жоқ. Бізге тәжірбие алмасу үшін Тәжікстаннан делегация келді. Жәнебіздің емхананы көріп оң бағасын берді.
Тәжікістандық медицина мамандарының қатысуымен өтіп жатқан тәжірибе алмасу жұмыстары дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ҚР Денсауылық сақтау министрлігі, денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Халықаралық деңгейдегі бұл іс-шара 8-қарашаға дейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жалғаспақ.