Шымкенттік дәрігерлер 10 жылдан астам уақыттың ішінде 260-тан астам науқастың ауру бауыры мен бүйрегін, тіпті сыр берген жүрегін де сау ағзаға ауыстырып берген. Мұнан бөлек бүгінде мегаполисте нейрохирургиялық, кардиологиялық, травма-ортопедиялық және қатерлі ісіктерді алып тастайтын жоғары технологиялық оталар шетелдік мамандардың көмегінсіз-ақ жасалып жатыр.
37 жастағы Әсия Түркіпеноваға осымен бесінші рет операция жасалды. Тумысынан бауырында артық еті бар, өт жолдары жиі бітеліп қалатын ол шетелде емделуге де әрекет жасаған. Бірақ аса қымбат ем-домға шамасы жетпепті. Оның үстіне шетелдік ауруханалар дертінен айғып кететіне кепілдік бере алмаған.
ӘСИЯ ТҮРІКПЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
менің дертім өте сирек кездесетін дерт. Отандық дәрігерлер оған араша түсіп, өздерінің біліктілігімен мені қайта өмірге алып келгенмен тең болып отыр. Себебі қазір жағдайым келгендегіден әлдеқайда жақсы.
Жасыратыны жоқ шекара асып, ем алған науқастардың амалсыз жергілікті дәрігерлер қарауына қайта келетін жәйттер баршылық. Өйткені шетелдіктер күрделі ота жасағанымен, әрі қарай науқастың жәй күйін бақылауда ұстамайды. Салдарынан асқынулар пайда болады.
ДӘУРЕН ҚАБЫЛОВ, №1 КЛИНИКАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІ
бауыр-бүйрек трансплантациясы дамығаннан бастапа барлық күрделі операциялар жасала бастайды. Соның арқасында асқазанның 12 ішікке өтетін жері бітеліп тарылса оларды орнына келтіреміз, бауырдың өт жолдарының тарылуы, ісік айналуы соның бәрі бізде жасалады.
Шымкенттік дәрігерлердің ағзаға трансплантация істей бастағанына биыл он екінші жыл. Осы мерзім ішінде бүйрекке жасалған 228 отаның 95 пайызы сәтті аяқталып, науқастардың өмірі ұзарған. Онан бөлек 32 адамның бауырын, 2 адамның жүрегін ауыстырған. Транспланталогияның қыр сырын меңгеру үшін дәрігерлер Оңтүстік Корея, Ресей және Белорусияда білім жетілдірді.