296 кәсіпорынның 19 мыңға жуық жұмыскерге жалақы берешегі бар. Қазіргі таңда  көрсеткіш 4,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Еліміздегі еңбек инспекторларының жүргізген тексерулер нәтижесінде 8,1 мың еңбек құқығының бұзылғаны анықталған.
Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына 251 ұйғарым беріліп, 51 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, нәтижесінде 17,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықығы қорғалған. Оларға 3,7 млрд теңге төленді. Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында. 2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 577 тексеру жүргізіп, 8 122 бұзушылық анықтаған. Жұмыс берушілерге 3 326 ұйғарым беріліп, 408,5 млн теңге сомасына 3 548 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 36,4 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.