Түркістан облысында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары күшейтіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл қорытындысымен барлық елді мекенді ауыз сумен қамту жоспарланған. Газдандыру, сапалы жарықпен және кәріз жүйесімен қамту бойынша жұмыстар қатаң бақылауда. Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандардың инфрақұрылыммен қамтылуы маңызды.
 
2025 жылы бюджет есебінен 47 ауыз су нысанының құрылысы іске асырылуда. Бұдан бөлек, 30 елді мекенннің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыру үшін бюджетке  ұсынылды. Жыл қорытындысымен 30 мыңнан тұрғынды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Өңірде тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары қарқынды жалғасады. 2025 жылы 47 газдандыру нысанының құрылысы іске асырылады. Оның ішінде 25 нысан биыл аяқталса, қалған 22-сінің құрылысы келесі жылы іске асады. Ал 18  елді  мекендегі 22,3 мың халық сапалы электр қуатымен қамтылады.

РУСЛАН МҰЗДЫБЕКОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
-  Жыл қорытындысымен 232 нысан пацйдалануға тапсырылды. 15 нысан пайдалануға берілді. Әкімші ретінде 215нысан пайдалануға берілді. Мжелеген жоспар орындалды.