Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік нысандармен қамту жұмыстары қарқынды. Бағдарлама аясында былтыр 182 елді мекенде 213 жобаны іске асыру көзделген. Атқарылған шаруалар облыс әкімдігінде талқыланды.
Былтырғы жобаларға бюджеттен 30,1 млрд теңге бөлінген. Бір жылда 154 жоба жүзеге асырылып, қаржының 99,2 пайызы игеріліпті. 2024 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы 4 мәдениет үйі, 4 спорт нысаны, 1 мектептің қосымша оқу корпусы салынған. Сонымен қатар 20 электрмен жабдықтау, 12 газбен қамтамасыз ету нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілген.
ҚАНАТ ҚАЙЫПБЕК, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
24-ші жылдың қорытындысымен жалпы 29,9 млрд теңге игерілді. Республикалық бюджеттен 10,9 млрд теңге обл бюджеттен 19,9 млрд теңге игерілген. Жоспар 99,2 пайызға орындалды.
Жоба аясында бөлінге қаржы халықтың жағдайын жақсартуға бағытталу керек. Әсіресе шалғай ауылдардағы инфрақұрылымға жұмсалу қажеттігін өңір басшысы Нұралхан Көшеров қадап айтты. Жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Аудан әкімдері осы бағдарлама бойынша нақты өздерінің ұсыныстарын берсін сомен жұмыс жасайтын боламыз. Егер сол жоспардан ауытқу болса өздері жауап беретін болады. Ең бірінші свет су жолдарды зжөндеңіздер. Ауылдың келбетін келтіріп алыңыздар.
Өткен жылы жол жөндеу саласында 102 жоба іске асырылып, 339 ішкі көше орташа жөндеуден өткен. Оған қоса 4 мектеп, 4 мәдениет үйі, 3 ауыз су нысаны күрделі жөндеуделіпті. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 1,5 мыңнан аса жұмыс орны құрылған.