Кітап оқу пайдалы, түйген ойыңды ортаға салып, оның мәні мен мазмұнын талқылау одан да пайдалырақ. Осы ұранды ту еткен Пушкин кітапханасы «түнгі талқы» жобасын қолға алды. Аты айтып тұрғандай кітап талқылау жиыны енді күндіз емес, кешқұрымға жоспарланады. Мұндағы мақсат – пайдалы басқосуды күн бойына жұмыс істейтін азаматтардың бос уақытқа ыңғайлау.
Студент Диас Нұрсейітұлы соңғы бір жыл ішінде 90-ға жуық кітап оқыған. Парақтаған туындылардың басым басым бөлігі көркем әдеби және салалық шығармалар. Оқыған сайын кемелденіп, жаңа қырым ашыла түседі деген ол, өзін кітапқа дейін кітаптан кейін деп екі нұсқаға бөледі.
ДИАС НҰРСЕЙІТҰЛЫ, СТУДЕНТ
– «Кітап оқғанға дейін мен ынжық, өз ойын жөнді жеткізе алмайтын, адамдармен араласуы қиын жігіт едім.» «Бірақ, кітап оқығаннан кейін мен түбегейлі өзгердім. Мен көшбасшы болып бастадым. Осы кітаптың арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткіздім.»
Кітап талқының алғашқы отырысы Тахауи Ақтанов шығармашылығына арналды. Ой тартысына автордың бір емес, бірнеше туындысы түсті. «Махаббат мұңы», Боран, Жоғалған дос еңбектері жастарды адамгершілікке, мейрім мен шынайылыққа шақырады, - дейді жиын спикері.
ГҮЛМИРА ӘШІРБЕКОВА, СПИКЕР
– «Т. Ахтанов шығармаларын оқып отырғанда түйген менің ойым: мынау ақ мынау қара деп бірден баға беруге болмайды екен. Түсіністік таныту қажет екен.»
Кітапхана қызметкері жастардың кітап оқуға деген қызығушылығы жоғары, - дейді. Кітап талқы ұйымдастырып, шығарма жайында ой бөлісу идеясын ұсынған да жас буын. Пушкин кітапханасы оларға мүмкіндік сыйлап, қажетті кеңістік ұйымдастырып отыр.
ГҮЛЗИРА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, А.С ПУШКИН ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «Кітап талқыға қаламыздағы бірнеше кітап клубтары келіп отыр. Атап айтқанда «кітап ал» клубы, «айқап» клубы, «кітап сүйер» клубының оқырмандары келіп қатысып отыр»
Жастар басқосуы кітап талқымен ғана шектелмей ән-күй, өлең-жыр оқумен жалғасты. Белсенділер таңдап алынған шығармалар негізінде ой қозғап, пікір білдірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тұсауы кесілген бастама әрі қарай да жүйелі түрде жалғасын тауып, екі аптада бір рет өткізіліп тұрады.