Қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтар үшін өзін банкрот деп жариялау – қарыз жүктемесінен заңды түрде құтылудың бір жолы. Бұл тетік азаматтарға оң әсерін беріп отыр.
Азаматтар өзін банкрот деп үш жағдайда жариялай алады: Алдымен сотсыз банкроттық – егер қарыз көлемі 5,5 миллион теңгеден аспай, қарызды өтеу мерзімі 12 айдан асып кеткен болса. Cондай-ақ, сот арқылы банкроттық – егер қарыз сомасы 5,5 миллион теңгеден көп болса немесе борышкердің мүлкі бар болса да банкрот деп танылады. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру – азамат табыс көзі арқылы қарызын кезең-кезеңімен өтеуге дайын болса. Банкроттық рәсімін бастау үшін азамат eGov.kz порталы арқылы өтініш бере алады немесе сотқа жүгінеді. Сотсыз банкроттықта құжаттар онлайн қабылданады, ал сот арқылы өтсе, кәсіби қорғаушының көмегі қажет болуы мүмкін. Мамандар азаматтарға банкроттықты соңғы шара ретінде ғана қолдануға кеңес береді. Себебі бұл рәсімнен кейін 5 жыл бойы несие алу мүмкіндігі шектеледі. Ал қайтадан банкрот болуға тек 7 жылдан кейін ғана өтініш беруге болады. Банкроттық – күрделі, бірақ кейбір жағдайларда қажетті шешім. Ең бастысы – қаржылық сауаттылықты арттырып, болашақта мұндай қиындықтардың алдын алу.
АҚНИЕТ АҚЫЛБЕКОВА, ЗАҢГЕР
Сотсыз банкроттық – егер қарыз 5,5 млн теңгеден аспаса және 12 ай өтсе, Сот арқылы банкроттық – егер қарыз көп, мүлік бар болса. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру – азамат табысынан қарызын кезеңмен өтейді.