Балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті. Оқушылар әскери бөлімнің аумағына кіріп, ұландықтардың күнделікті қызметінде қолданылатын әскери техника мен қару-жарақ үлгілерімен танысты.


Тіпті, әскери қызметшілердің жабдықтарын киіп көріп, жауынгерлік машиналарды басқаруға мүмкіндік те алды. Сондай-ақ, жас қонақтарға әскерилендірілген эстафета ұйымдастырылды. Одан соң оқу орталығының мұражайына барған оқушылар құқық қорғау органдарының тарихымен, түрлі жылдардағы нысанды киім үлгілерімен, мұрағаттық құжаттармен және наградалармен танысты. Осы орайда, қызметтік борышын орындау кезінде ерлік көрсеткен қызметкерлердің экспозициялары ерекше назар аудартты. Ұлттық ұлан оркестрінің қойылымы іс-шараға ерекше көңіл-күй сыйлады. Көрермендер әр нөмірге қызығушылықпен және қуанышпен қошемет көрсетті.