Қазақстан азаматтығынан бас тартқандардың саны азайып келеді. Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді.


Соңғы 6 жылдың статистикасы мынадай. 2019 жылы 1 мың 700 адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, ал былтыр 77 адам азаматтықтан шыққан.


Мұның бәрі Қазақстан азаматтығы институтының абырой-беделі артып келе жатқанын және тұрғындардың ел болашағына деген сенімінің нығая түскенін көрсетеді. Былтырдан бастап Қазақстан азаматтығын алушыларға да заң бойынша жаңа талаптар енгізілді.


 ЕРЛАН ҚАРИН ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ

Сол заңға сәйкес Қазақстан азаматтығын алған жағдайда немесе қалпына келтірген жағдайда өтінім білдірушілер мемлекеттік тілді білу бойынша арнайы тест тапсыруы керек. Одан басқа Қазақстан Республикасының конституциясы, тарихы бойынша белгіленген тәртіпке сәкес тест тапсыруы керек. Бұл да Қазақстан азаматтығын иеленушілерге ана тіліміздің мәртебесін арттыруға, сыйлауға, тарихын, заңды сыйлауға, құрметтеуге, дәріптеге, ынталандыруға бағытталған шешімдердің бірі.