Балалардың сүйікті орны «Қиял әлемі» саябағындағы нысандарды бұзып бастады. Алайда әкімдіктің бұл шешіміне кәсіпкерлер қарсы. Саябақ алдына жиналғандар нысанды сүріп тастауға әлі бір ай уақыт бар екенін айтады. Алайда сот шешімі 27 мамыр деп шығып қойған.


 Бұзылуға тиіс нысанға келушілер әлі де бар. Саябақта атракционға ойнап, демалып жүрген балалардың бұл мұндағы соңғы ойыны. Кіреберістегі тақтайшадағы жазу алынып, бұзу жұмысы басталып кетті.


Мұндағы атракциондар 30-ға жуық кәсіпкерге тиесілі. Қатарында дүкендер мен кафе бар. Әкімдіктен жиналуға уақыт сұраған олар енді не істейтінін білмей дал.


 АЙМАН ӘШІРБАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

 Бізге кеше 27 күні сот орындаушыдан қағаз келді. Ешқандай мөр болмаған соң біз елеген жоқпыз ол қағазды. Бірақ біз кеше 26 күні акиматқа барамыз деп жиалдық. Мындағы адамңын оншақтысы ғана акиматқа барамыз түсіндіреміз бізге уақыт берсін, жер берсін деп. Бізге келмесін деген хабар келді. Ал енді кешке жақын біз рұқсат сұрап қол қайдық. 300 адам қол қойып беріп жібердік кешке бізге хабар келді болды жұмыс істей бересіздер деп.


ШОЛПАН ТҰРБАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Бізге осы сезонды ітіру керек. Мысалы менің өзімде кредит бар. ОСы кредитімді осы сезонда адамда цель бар осы сезонда кредитімнің жартысын жабам дейтін. Мен сонай ойменен тоқтаусыз жұмыс жасап отырмын. Келді де адамныңарман мақстын кесіп ты. Мен түсінбей отырмын қалай күн көремін деген ой менде туындап отыр. Жалғыз менде емес мына арада істеп отырған 300 жұмысшылар бар. Біз қалай күн көреміз.


26 жыл тарихы бар балалар саябағы «Әйгерім» серіктестігіне 49 жылға жалға берілген. Алайда кәсіпкер жерді мақсатсыз пайдаланып келгені анықталған. Нәтижесінде 4 гектарға жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, қалалық мамандадырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен сүру туралы шешім шыққан.


АЙНҰР ТОЙШЫБЕКОВА, СОТ ОРЫНДАУШЫ

Сот шешімі боынша қиял әлемі бұзылуға жатады. Яғни бұл мемлекеттің балансына өтіп кеткен. Соттың шешімінде көрсетілген нақты бастапқы қалыпқа келтіру. Яғни 4 гектарға жуық жерді бұзу жұмысын жүргізу керекпіз. Заң талаптарына сай.


Жұмыс істеп тұрған 30 нысанның 9-ы осы мерзіммен сүріледі дейді жауаптылар. Қалған 21-і де толықтай бұзылады.


МЕРЛАН КЕРІМЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Арнайы 3 ай мерзім берілген. Соттың шешімі өз еркімен бұзу жөнінде шыққан. Ары қарай соттың талаптарын орындамағанан кейін мәжбүрлеп бүзу жұмыстары басталғалы жатыр. Бастапқы заңсыздығы мемлекеттің жер телімі пайдаланып отырғаны анықталып соттың шешімі шыққан. Орнына халықтың пайдасына парк болады.


Саябаққа жапсарлата салынып жатқан мына нысан да мемлекет меншігіне қайтарылмақ. Бұл бойынша іс сотта қаралып жатыр екен. Аумағы бір гектарға жуық болатын жер телімін әкімдік 2011 жылы әжетхана мен сахна салу үшін жалға беріпті.