«Сен ерекшесің!». Үйде оқитын балаларға арналған жоба бұл жолы Ордабасы ауданында жалғасын тапты. Жергілікті әкімдік қолдау танытып, арнайы фотосессия ұйымдастырды. Өзгеше өткен іс-шарада бүлдіршіндермен бірге аналары да бір серпіліп қалды.


Бұл балғындар үйде оқытылатын ерекше балалар. Олар қоғамнан шет қалмай, көпшілікпен араласуға құқылы. Жиында айтылған негізгі ой осыған саяды.


АЗАТ ОРАЛБАЕВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінгі шара – балаларымыздың өздерін қоғамның бір мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Бұл – біздің ортақ міндетіміз. Әр бала бақытты болуға лайық.


Фотосессияға барлығы 14 бала қатысты. Балалар сәнді киім киіп, өздерін нағыз фотомодельдей сезінді. Бұл естелік қана емес, олар үшін шынайы мерекелік көңіл-күйдің кепілі болды.


ӘСЕЛ БИМҰРЗАЕВА, ЖОБА АВТОРЫ

Бала үшін қуаныш – ата-ана үшін үлкен бақыт. Осындай бастамалар тек балаларды емес, ата-ананы да жігерлендіреді.


МАЙРА ӘСЕТҚЫЗЫ, АТА-АНА

Балалардың жарқын күлкісі мен шынайы қуанышы – іс-шараның басты жетістігі. Бұл күн олардың жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз.


БАЛЗИЯ СЕРІК, ОҚУШЫ

Ордабасыда өткен бұл фотосессия балалықтың шаттығы мен мейірімге толы қоғамның көрінісі.