АЙДАНА ҚУАНТХАН

Алматы облысындағы Іле-Алатауы ұлттық паркі аумағынан жыл басынан бері 180 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Бұл – қоршаған ортаны қорғау мақсатында жасалған үлкен шара, дейді парк қызметкерлері. Қазір туристік соқпақтар мен жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары жиі саяхаттайтын Түргенсай шатқалындағы ерекше табиғаттың көрінісі әріптесім Айдана Қуантханның бейнематериалында.


ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 180 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ


АЙДАНА ҚУАНТХАН, ТІЛШІ

Табиғаттың таңғажайып туындысы, Іле-Алатауының інжу-маржаны – Түргенсай шатқалы. Шаһардан 60 шақырым жерде орналасқан демалыс аймағына жылдың барлық мезгілінде келуші көп. Сәйкесінше, табиғатты аялау мақсатында мұнда апта сайын сенбілік ұйымдастырылады. Бүгін де қаладан арнайы келген студент- белсенділер аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді. Кейін қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін, қоқысты сұрыптап шықты.


ЕЛНҰР АХМЕТОВ, ІЛЕ-АЛАТАУЫ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

«Таза Қазақстан» акциясы аясы барысында үлкен жұмыстарымыздың бірі – ағаш егу. +0423 47 гектар жерге 139 мыңнан астам ағаш екпелері егіледі. +0448 Шрен шыршасын егеміз, ол табиғи түрде де және қосымша екпе көшеттері арқылы да егу жұмыстары, орманды көбейту, толтыру мақсатында отырғызылады.


ТАБИҒАТПЕН ТІЛДЕСКЕНДЕ...


АЙДАНА ҚУАНТХАН, ТІЛШІ

Шатқалдағы сарқыраманың да көрінісі ерекше. Әсіресе, биіктен құлап аққан тау суы, самал жел, ну орман жанға жайлылық, көңілге тыныштық сыйлайды. Бұл мекенге тек туристер емес, табиғаттан шабыт іздегендер де келеді. Міне, қазір бір топ жас суретші табиғат тамашасын қылқаламмен бейнелеп отыр.


КӘУСАР ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ, ОҚУШЫ

Түрген тауының көрінісін салып жатырмын. + 0031 Өзім суретші болғандықтан Түрген тауына жиі келемін. Бүгінде достарыммен сурет салуға келіп отырмын.


ПАРК ҚЫЗМЕТКЕРІ: ТУРИСТ САНЫН БІР МИЛЛИОНҒА ЖЕТКІЗУ КЕРЕК


АЙДАНА ҚУАНТХАН, ТІЛШІ

Іле-Алатауы ұлттық паркі аумағындағы мен тұрған Түргенсай шатқалынан бөлек, Шымбұлақ, Медеу, Көкжайлау, Үлкен Алматы көлі ең танымал бағыт болып саналады. Мұнда келушілерген арналған арнайы визит-орталықтар, демалыс орындары қарқынды жұмыс істеп тұр. Демалушыларға қолайлы жағдай жасалғанның арқасында былтыр 830 мыңға жуық турист келген. Биыл олардың саны млнға жетуі мүмкін, дейді мамандар.