Түркістанда "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Науқанның ресми ашылуына ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов арнайы келіп, жұмыстар жоспарын пысықтады. Кеңес процессіне ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшылығы, департаменттің жедел құрылым қызметкерлері және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған мамандар қатысты. Мүдде жалғыз, мақсат айқын. Ол есірткі таралымының жолын кесіп, құрамында психотроптық заттары бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау фактілерін анықтау.


Ауқымды шараға арнайы техника, дрондар мен тікұшақтар тартылып, 18 мобильдік топ құрылды.


ЖАНДОС АҚТАЕВ, ҚР ІІМ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Түркістан облысының полиция департаментімен, әкімдікпен кездесіп «қарасора» іс-шарасын бастаймыз» 


Республикалық маңызы бар автожолдарға бақылау-өткізу бекеттері орнатылған. Жауаптылардың айтуынша, заңсыз айналымнан 200 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленіп, екі бірдей фитолабораторияның қызметі тоқтатылған.


ҚУАНДЫҚ АЛЬЖАНОВ, ҚР ІІМ ЕҚҚІҚК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Кеңес мүшелері Астана қаласы, Ақмола облысы, Павлодар облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды қалаларындағы іс-шараларға қатысты. Енді міне кезек Түркістан өңіріне де келіп отыр.»  – «Өңірлік штабтың жұмысына қатысамыз. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Жұмыстарымыз сәтті өтсін.»


Іс-шара барысында кеңес мүшелері Халықаралық Қазақ-Түрік университеті мен Яссы колледжінің студенттерімен кездесіп, есірткінің ағзаға зияны мен қылмыстық жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.