Жасыл желек – қала тынысы. Астанада зәулім үйлер ғана емес, сонымен бірге ағаштар да көбейіп жатыр. Қазір елордада 17 млн түптен аса жасыл желек бар. Оның 3 млнға жуығы қала ішінде болса, 14 млннан астамы елорданың сыртындағы – «Жасыл белдеуде». Былтыр «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1 млн. астам жасыл желек отырғызылды. Биыл да сол шамада жұмыс атқарылмақ. Оның ішінде ағаштар,бұталар, көпжылдық гүлдер де бар. Бұл қала әкімдігі берген мәлімет. Ал, тұрғындардың өздері не дейді? Расымен, Астананың келбеті жасыл желекпен көмкеріліп келе ме? Тұрғындар пікірін тындайық.


 -«Иә, Астанада көгалдандыру жақсы, менің ойымша. Біз 2013 ші жылы келдік Астанаға, содан қарағанда әлде қайда жақсы».

 -«Біз Алматыда табиғатты бұрынғы берген ағаштары тұр ғой. Бұл жерде жаңадан барлығы қондырды қандай тамаша. Парктер, скверлер өте әдемі. Маған қатты ұнайды».

- «Мен өз басым техникада жұмыс істедім. Өзім 400-500 ағаш отырғызған шығармын. Сосын Астана орманы бар ғой мына қаланың сыртында, ол жақтада болдым, ол жақтада біраз талдар көп. Көгалдандыру жақсы жүріп жатыр».

-«Астана көркиіп жатыр осылай, талдарды өсіріп, ағаш өсіріп, гүлдетіп жатыр»