Биыл «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1,7 млн-нан астам ағаш отырғызылды. Бастамаға еліміздің барлық өңірі белсенді атсалысуда. Жыл басынан бері 400-ден астам шара ұйымдастырылған. 1,5 млн-ға жуық адам осы жобаға өз үлесін қосып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда. Еріктілердің де белсенділігі жоғары. Бүгінде волонтерлер саны 82 мыңнан асты. Жыл басынан бері "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы аясында 600 мың гектарға жуық аумақ тазартылды. 120 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.


405 ІС-ШАРА

1,4 млн адам

82 мың волонтер

1,7 млн ағаш

584 мың ГА

121 мың тонна қоқыс